Фото: Ашық дереккөз
Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, «Camry» жүргізушісі көлікті басқара алмай, «Lada Largus» автокөлігімен соқтығысқан.
«Жол көлік оқиғасы салдарынан 28 жастағы «Lada Largus» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оның 36 жастағы жолаушысы мен 41 жастағы «Camry» жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді», делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Camry» жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Instagram-дағы vkaragande.kz парақшасының мәліметінше, «Lada Largus» көлігі «Қазпоштаның» Қарқаралы бөлімшесіне тиесілі болған. Қатты соққының салдарынан «Lada Largus» көлігі өртеніп кеткен.