Қоғам • Бүгін, 14:29

Жер сілкінісі кезінде қандай ережелерді сақтау керек?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 12:45 шамасында Алматы қаласы мен Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің дүмпу ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқан. Осы орайда Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезінде есте сақтау керек 10 негізгі ережені жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Жер сілкінісі кезінде қандай ережелерді сақтау керек?

Фото: astanatv.kz

Жер сілкінісі кезінде 10 қарапайым ережені есте сақтаңыз: 

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкінісі кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден қашық тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз. Жоғарғы қабаттарда болсаңыз негізгі қабырғалардың бұрышында тұруға болады;

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда). Көп қабатты үйде болсаңыз жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

6. Үйден шығар алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Төтенше жағдай кезінде қолданатын жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

8. Электр желілерінен, ғимарат, ағаштан аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінуіне әрдайым дайын болыңыз; (тұрмыс үшін қажетті заттарды жинақтау)

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары психологтармен бірлесе сенім телефондарын іске қосты. 

Алматы қаласы мен Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында жер сілкінісінің есептік қарқындылығы 2–3 балл аралығында болған.