Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлболат Аманғалиеваның дерегіне сүйенсек, 7 121 жас жұмыспен қамтылыпты. Тарқатып айтқанда, тұрақты жұмысқа 4 мыңға жуығы, ал субсидияланатын орындарға 3 154 адам жас орналасқан.
«Маусым айынан бері 33 жас қысқа мерзімді курсқа жіберілді. Ал Оnline skills платформасы арқылы оқуға 729 жас тартылып, 550-і сертификат алды. «Бастау-Бизнес» жобасымен 862 жас кәсіпкерлік негіздерін меңгеру үшін оқуға қатысты. Оның ішінде 500-ге жуығы сертификат алып, 71 жас жұмысқа орналасты. Ал 43 жасқа мемлекеттік грант берілді», дейді Гүлболат Аманғалиева.
Оның мәліметінше, тұрмысы төмен топтағы 114 жас жеке кәсібін бастау үшін 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант қаржысын алған. Сондай-ақ 13 500 жасқа кәсіби бағдарлау қызметі көрсетілген.