Саясат • Бүгін, 08:13

Су тапшылығын азайту – басым бағыт

20 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Вице-премьер Қанат Бозымбаев, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен бірге Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, фермерлермен алдағы вегетациялық кезеңге дайындық, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру мен су үнемдеу технологияларын енгізу мәселесін талқылады.

Су тапшылығын азайту – басым бағыт

Кездесуде Сырдария өзені бассейніндегі судың аздығы туралы қалыптасып отырған ахуал жайы сөз болды. Нарын-Сырдария каска­ды­на келіп түсетін су көлемі айтарлықтай төмен­­де­ген. Бұл келесі жылғы вегетациялық кезеңде су тапшылығы қаупін тудырады.

Оның салдарын барынша азайту мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі су қой­маларының жұмыс режімдеріне қатысты бірнеше болжамдық нұсқа әзірледі. Су тым аз келген жағдайда ресурстарды қайта бөлу мен лимиттерді түзету қажет болатын сценарийлер пысықталды.

Тұтынушылар судан тапшылық көрмеуі үшін әрі Сырдария өзенінің төменгі ағысында төтенше жағдай туындауына жол бермеу мақсатында Қызылорда облы­сында 2026 жылы күріш егістігінің алаңы 70 мың гектар­дан аспауға тиіс. Бір айта кететі­ні, егіс алқаптары жыл са­йын оңтай­лан­дырылып жатқанына қарамастан, орташа өнімділік өсіп келеді (2024 жылы 85 мың га алқапта гектарынан 58 центнер, 2025 жылы 80 мың га алқапта гектарынан 58,1 центнер алынды). Бұған жаңа күріш сұрып­тарын енгізу мен заманауи техниканы пайдалану себеп болып отыр.

Сондай-ақ өңірде су үнемдеу технологияларын қолданатын егістік көлемі артып келеді. Егін алқаптарында су ысырап болмау үшін лазерлік тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл әдіс суды 20%-ға дейін үнемдеп, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Биыл 60 мың гектар күріш алқабы тегістелді.

Заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу тәуекелдерді азайтып, АӨК-тің орнықты дамуын қамтамасыз етеді. Бүгінде бұл технологиялар республика бойынша 500 мың гектардан астам жерде қолданылып жатыр. Ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 1,3 млн гектарға дейін (суармалы жерлердің шамамен 70%-ы) жеткізу жоспарланып отыр. Аталған мақсаттарға жету үшін Үкімет кешенді шаралар қабылдауда, соның қатарында субсидиялау мәселелері де шешіледі.

2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің шеңберінде инвестициялық шығындарды өтеуге бағытталған жалпы трансферттер көзделген, ал қаржыландыру көлемі 215 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

«Алдағы вегетациялық маусымда жоғары­дан келетін су көлемі айтарлықтай азаюы мүмкін. Қызылорда облысының әкімдігі Су ресурстары және ирригация министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және ғылыми ұйымдармен бірлесіп, инновациялық препараттарды қолдану үшін кемінде 100 гектар жер телімін анықтап, оларды жер­гілікті бюджет қаражаты есебінен қаржылық қолдауды қамтамасыз етуі қажет», деді Қ.Бозымбаев.

Кездесуде фермерлерге суды пайдалану ашықтығын қамтамасыз ету мен су ресурстарын есепке алуды одан әрі цифрландыру үшін енгізіліп жатқан биллинг жүйесі туралы да айтылды. Бұл – фермерлерді сумен қамтудың толық циклін біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа. Оның ішінде өтінім беру мен келісімшарт жасасудан бастап, нақты тұтынуды есепке алу және төлем жасауға дейінгі функциялардың барлығы бар. Жүйе үдерістерді оңтайландырады, суды бөлу мен есеп айырысудың ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ нақты көлемдерді дәл есепке алуға мүмкіндік береді.

Вегетациялық кезең басталғанға дейін Қызылорда облысының әкім­ді­гіне диқандар арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсы­рылды. «Қазсушар» РМК-ға ылғал­ды көп қажет ететін дақыл­дарға бекітілген лимиттерге қатаң сәйкес келетін су беру шарттарын жасасу, сондай-ақ құқық қорғау орган­дарымен бірлесіп, алдағы вегета­ция­лық кезеңде «қара су нары­ғы­мен» күресті күшейту жүктелді.

Су шаруашылығындағы ахуал өзгерген жағдайда Су ресурстары және ирригация министрлігіне 2026 жылғы вегетациялық кезеңге арналған өңірлер бойынша су тұтыну лимиттерін 2026 жыл­дың 1 ақпанына дейін Ауыл шаруашы­лығы министрлігіне жолдау жүктелді. Тиісті ми­нистр­лікке 2026 жылдың 1 науры­зына дейін ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егістік құрылымын нақты қолжетімді суару суының көлеміне сәйкес түзету тапсырылды.

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру мәселесі де талқыланды. Облыста 447 мыңға жуық тұрғын (53%) ауылдық жерлерде тұрады. Жоба басталғалы бері ауылдарда 782 жоба жүзеге асырылып, 1,1 мың жұмыс орны ашылды. Биыл 5,5 млрд теңге бөлінді. Әсіресе өнімді өндіруден бастап өткізуге дейін толық цикл­мен жұмыс істейтін қайта өңдеу кәсіп­орындарын қолдауға басымдық беріліп отыр.

Жиында кооперативтерді басым бағыт ретінде қолдау мәселесі де жеке қаралды.

«Мемлекет басшысы жақында өткен ауыл әкімдерінің диалог-плат­формасында ауыл экономи­касының тұрақты дамуы тікелей кооперативтердің тиімді жұмысына байланысты екенін атап өтті. Кооперативтерді құру үдерісі еліміз бойынша белсенді жүргізілуге тиіс, ал облыс әкімдіктерінің үйлестіру жұмысы қатаң бақылауда болуы қажет», деді Қ.Бозымбаев.

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев «Әкімнің цифрлық жұмыс орны» қанатқақты жобасының жүзеге асырылуымен танысты. Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан іске қосылған.

«Әкімнің цифрлық жұмыс орны» жүйесі әлеу­меттік-демографиялық өзекті деректер мен әрбір үй шаруашылығына қатысты ақпаратқа нақты уақыт режімінде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Платформа әкімдерге біріктірілген деректер негізінде жедел басқарушылық шешім­дер қабыл­дауға жол ашады, ақпараттың шашы­раң­қылы­ғын азайтып, әкімшілік жүктемені төмендетеді.

Бүгінде жоба ел бойынша 34-тен астам ауылдық округте іске қосылып, әлеуметтік қолдау шараларының нақтылығын арттыруға, ашықтықты күшейтуге және қолмен жинақ­талатын есептерден аналитикалық басқару форматына көшуге мүмкіндік беріп отыр. Модуль «Цифрлық отбасы картасы» инфрақұрылымы негізінде жасалған және 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйемен ықпалдастырылған. Бұл әкімдерге халық, үй шаруашылықтары, қолдау шаралары, табыс, тұрғын үй және әлеуметтік осал топтар бойынша бірыңғай және нақты деректер көзіне қол жеткізуге жағдай жасайды.

Алдағы кезеңде жүйе жаңа мәліметтік блоктармен толықтырылмақ. Олардың қатарында са­лық деректері, субсидиялар мен әскери есепке алынған­дар туралы ақпарат бар. Қазақстан­дағы барлық ауыл­дық округтерді жүйеге қосу 2026 жыл­дың І жартыжылдығына жоспарланған.