Кәсіпқой бокс • Бүгін, 12:28

Жәнібек Әлімханұлының командасы допинг дауынан кейін мәлімдеме жасады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы үш белбеу үшін белгіленген жекпе-жек өтпейді. Оған отандасымыздың допинг тесттен өте алмауы түрткі болып отыр. Осыған байланысты спортшының командасы тағы бір маңызды мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz

Жәнібек Әлімханұлының командасы допинг дауынан кейін мәлімдеме жасады

Фото: instagram.com/janibek_qazaqstyle

Олар бұл қиындықтың артта қалатынына сенім білдіріп, допинг дауы да шешілетінін мәлімдеді. 

«Біздің команда – ең мықты команда. Біз әлі талай жастарға құмар ойнама деп айтамыз. Біз туды әлі талай желбіретеміз. Біздің мақсат айқын. Бізді мақсатымыздан ешқандай қиындық тайдыра алмайды. Сынап жатқандарға мән бермеңіздер. Олар бұрыннан бар, 4 титулды алғанда да бола береді. Біз тек алға жүреміз», деп жазды «Qazaq Style» командасы.

Сондай-ақ Жәнібек Әлімханұлының қолдаушылары ешқандай кінә мен қателік жасамағандарына баса назар аударып отыр. 

«Бәрі бұрынғы витаминдер мен бұрынғы мәзір. Қазір анализдердің екінші қорабын ашуға өтініш жазылды. Жауабын күтеміз», деп жазды Әлімханұлының командасы. 

«Qazaq Style» командасы бұл жаңалықты естігенде таңғалғанын жасырмады.

Еліміздің Спорт және туризм министрлігі мәселеге араласып, қажетті шараларды орындау үшін отандасымызға қолдау көрсететінін мәлімдеді. 

Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті де допинг дауына қатысты пікір білдірді. 

Ал белгілі бапкер Жұмабек Өмірзақов Жәнібек Әлімханұлы енді ірі жекпе-жектер өткізбеуі ықтимал екенін айтты.