Қазақстан • Бүгін, 12:19

Еліміздің суперкомпьютері ТОП-100 қатарына енді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» базасында құрылған ұлттық суперкомпьютер Alem.Cloud дүниежүзі бойынша ең қуатты есептеу жүйелері рейтингінде 86-шы орынды иеленді. Аталған тізімге HPL стандартымен тестілеуден өткен, халықаралық деңгейде мойындалған кластерлер ғана енгізіледі, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің суперкомпьютері ТОП-100 қатарына енді

Фото: freepik.com

Қазақстан цифрланудан 30 елдің қатарында тұр

Alem.Cloud платформасы – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең озық есептеу кешені. Ал 103-ші орынға тұрақтап, үздік нәтиже көрсеткен екінші отандық жүйе – AI-Farabium. Жалпы әлемдік тізімде АҚШ, Германия, Жапония елдері көш бастап тұр.

  1. El Capitan (АҚШ).
  2. Frontier (АҚШ).
  3. Aurora (АҚШ).
  4. JUPITER Booster (Германия).
  5. Eagle (АҚШ).
  6. Supercomputer Fugaku (Жапония).
  7. Alem.Cloud (Қазақстан).
  8. AI-Farabium (Қазақстан).

«IT саладағы елеулі жетістіктердің нәтижесінде бүгінде Қазақстан цифрлану деңгейі жоғары жетекші 30 елдің қатарында. Бұл елдегі цифрлық инфрақұрылымның жаһандық деңгейдегі орнын көрсетеді», дейді мамандар.

Келешек тренді – ЖИ технологиялары

Сарапшы Абылайхан Тастанбековтің айтуынша, еліміздің ТОП-100 суперкомпьютер қатарына енуі жақсы көрсеткіш. Бірақ бұнымен тоқтауға болмайды. Себебі жасанды интеллект технологиялары келешек тренді.

Тұғырнама ресурстары бүгінде заңды тұлғаларға қолжетімді. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар, ғылыми және білім беру ұйымдары, стартаптар, жеке компаниялар мен Astana Hub резиденттері деректерді пайдалана алады.

Құрылғының қуаты орасан

Адам бір кітапты шамамен 7 күнде оқып тауысады. Ал суперкомпьютер бір аптада 500 мың кітапты талдап, әрқайсысының мазмұнын айтып бере алады. Бұл құрылғының зерттеу жүргізуде тиімді әрі жылдам екенін көрсететін ең қарапайым мысал.

24.kz-тің хабарлауынша, суперкомпьютердің мемлекеттік қызметкерлерге, компаниялар мен корпорацияларға пайдасы орасан. Тіпті кез келген видеоны, көшедегі жол-көлік оқиғасын жүктесеңіз, бірер секундта хаттама әзірлеп, әрі қарай не істеу керегін көрсетеді.

«Бұл ғылым, өндіріс, білім мен мемлекеттік басқаруда серпіліс жасайтын құрал», дейді сарапшылар.