Оқиға • Кеше

Петропавлда интернет желісін тартумен айналысқан жұмысшы қаза тапты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда көтергіш құрылғыда жұмыс істеп жатқан екі маман биіктен құлап, 35 жастағы жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Екінші азамат түрлі жарақат алып, ауруханаға жіберілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда интернет желісін тартумен айналысқан жұмысшы қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті істің мән-жайын толық анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.  

Дәрігерлер ауруханаға жеткізілген 31 жастағы жұмысшының кеуде бөлігі жарақаттанғанын, бет және қол аймағында кесілген жаралар бар екенін хабарлады.

Сонымен қатар интернет желісін тартумен айналысқан жұмысшылар міндетті мердігер компания тапсырысы бойынша орындаған. 

«Қазір оқиға бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, тергеу мүддесі үшін істің мән-жайы туралы мәліметтер жария етілмейді. Жоғарыда аталған іс-шаралар аяқталған соң компания ресми мәлімдеме жасайды», деп хабарлады «Қазақтелеком» АҚ.