Елорда • Бүгін, 17:11

Астанада үлескерлер үш жылдан бері үйлерін ала алмай жүр

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанадағы Madrid-3 тұрғын үй кешенінің үлескерлері өз пәтерлерінің кілтін үшінші жыл қатарынан ала алмай жүр. Тұрғындардың айтуынша, үйді 2022 жылы тапсыру қажет болған, алайда нысан әлі күнге дейін аяқталмаған, ал құрылыс компаниясы тұрғындарға бос уәде беріп келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада үлескерлер үш жылдан бері үйлерін ала алмай жүр

Фото: Ашық дереккөз

Компания бастапқыда үйді қазан айында тапсырамыз деді, кейін қарашаға ауыстырды. Тіпті компания үлескерлерге ақшаларын қайтарып алуды сұраған, алайда тұрғын үй бағасының тұрақты өсуіне байланысты бұл нұсқа оларға тиімсіз.

«Біз қаражатты салып қойдық, тұрғын үй құрылысының аяқталуын шыдаммен күттік. Бүгінде олар пәтеріміздің кілтін табыстауға тиіс еді. Бірақ олар келісімді бұзғызы келеді. Мен 3,5 жыл бұрын бұл үйге ақша салдым, олар сол ақшаны қайтаруға дайын, бірақ маған ақша керек емес. Маған пәтер керек. Қазір сол ақшаға пәтер сатып ала аламыз ба? Мүмкін бе ол? Жарты пәтердің өзін әзер аламыз», дейді үлескер Жаухаз Саутбаева.

Тамыз айында тағы бір үлескер Гүлнар Сабитова сот құжатында кешеннің жылу жүйесінен ажыратылуы мүмкін деген ақпарат шыққанын көріп, себебін білу үшін ресми сұрау жіберген. Сондай-ақ жер телімін босату қажет болуы мүмкін деген сот шешімі де тұрғындардың алаңдауын күшейткен.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тағы бір үлкен мәселе – үйде жылудың жоқтығы. Компания осы және басқа да кемшіліктердің бар екенін мойындап отыр. Құрылыс компаниясының ресми өкілі 24KZ телеарнасына берген түсініктемесінде мұндай олқылықтар құрылыс мерзімінің созылып кетуінен болғанын айтты.