Шаруашылық • Кеше

Маңғыстауда ауыл шаруашылығын дамытатын жобалар жүзеге асырылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген тапсырмаларына сәйкес Маңғыстау облысында аграрлық секторды дамыту және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қарқын алуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда ауыл шаруашылығын дамытатын жобалар жүзеге асырылды

Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірдің табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты негізгі азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі сырттан жеткізіледі. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу мақсатында бірқатар маңызды жобалар қолға алынған. Соның бірі – биыл пайдалануға берілген сыйымдылығы 22 мың тонна болатын заманауи көкөніс сақтау қоймасы.

-Жаңа қойманың іске қосылуы маусымаралық кезеңде өнімді сақтауға, ішкі нарықты көкөніспен тұрақты қамтуға және бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосады,  деп хабарлады басқарма өкілдері.

Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына сәйкес Түпқараған ауданының «Саура» жерінде, «Қызылсығыра» маңында «Қарағантүбек» ЖШС-нің түйе сауын цехы ашылды. Жобаның жалпы құны 600 млн теңге. Кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 400 тонна сүт өндіруге жетеді. Цехтың басты ерекшелігі - түйе сүтін толықтай автоматтандырылған жүйеде сауу технологиясының енгізілуі. Бұл жоба өңірде түйе шаруашылығын дамытып, жергілікті сүт өнімдерінің көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын қалыптастырып, ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.

Маңғыстау облысы