Бейтаныс тұлғалар тұрғындарға телефон соғып, өздерін домофондарды қызмет көрсететін компаниялардың қызметкерлері ретінде таныстырады.
Алаяқтар "кілтсіз кіру" қызметін қосып беруді ұсынып, подъездің есігін алты таңбалы жеке код арқылы ашуға болатынын айтады. Олар бұл код әр пәтерге жеке жасалады деп сендіреді. Алайда құқық қорғаушылардың айтуынша, мұндай қызмет мүлде жоқ. Шын мәнінде, келісімге қол жеткізген соң алаяқтар азаматтардың жеке деректерін жинаумен ғана айналысады.
Полиция өкілдері атап өткендей, нақты домофон қызметін көрсететін компаниялар ешқашан телефон арқылы жеке ақпарат сұрамайды және "кодпен кіру" қызметін ресми келісімшартсыз қоспайды.
Оқи отырыңыз: Былтыр деректердің заңсыз таралуы әлем бойынша 4,88 млрд доллар шығын әкелді
Бұдан бөлек, Қазақстанда алаяқтық қоңырауларға қарсы шаралар күшейтіліп жатыр. Бұған дейін хабарланғандай, күдікті нөмірлер бұғатталады. Ұялы байланыс операторлары арнайы антифрод жүйелерін қолдануға және азаматтардың шағымы түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде күмәнді қоңырауларды тексеруге міндетті.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды барынша сақ болуға шақырып, белгісіз нөмірлерден келетін ұсыныстарға сенбеуге кеңес береді.