Фото: Ашық дереккөз
Министрліктің мәліметінше, бағдарлама еліміздің барлық облыстарын қамтып, 15 мыңнан аса азамат шараға қатысты. Оқыту мен кәсіби кеңес беру негізгі бағыт болып, 194 ұйым арнайы курстардан өтті. Сонымен бірге түрлі мәселелер бойынша 316 жеке консультация ұйымдастырылды.
«Ал «Ауыл 2.0» бастамасы 50 ұйымның жобаларын дамытуға серпін берді. Алты облыста жергілікті жобаларды іске асыру үшін 18 шағын грант берілді. Экологиялық бастамаларға ерекше көңіл бөлінді», делінген хабарламада.
Экологиялық жобалар да назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, «Подари Земле сад» жеке қоры Ақсу ауданында көлемді көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, 154 еріктінің қатысуымен мың түп қарағай көшетін отырғызды.