Оқиға • Кеше

Алматыда пәтерінде есірткі тектес өсімдік өсірген тұрғын ұсталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық полицейлер «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көпқабатты тұрғын үйлерді тексерді. Тексеру барысында Әуезов ауданында үйін зертханаға айналдырған тұрғын қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда пәтерінде есірткі тектес өсімдік өсірген тұрғын ұсталды

Фото: видеодан алынған скрин

Оның пәтерінен өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер табылған. Оқиға орнында қажетті бастапқы процессуалдық шаралар жүргізілген.

Қазіргі уақытта кешенді тергеу шаралары жүргізіліп, заңсыз әрекетті ұйымдастыруға қатысы бар тұлғалар мен өзге де деректер жиналып жатыр. 

ІІМ аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекет қоғам үшін қауіпті. Сондықтан заң аясында ең қатаң шаралар қабылдауды жалғастырамыз. Аудан тұрғындарын күмәнді жайттарды дер кезінде хабарлап, үй мен ауланың қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етуге шақырамыз», деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.