Жастар • Кеше

Қостанайда Студенттер ассамблеясының республикалық форумы басталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Форумның салтанатты ашылу рәсімі Міржақып Дулатұлы атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде өтті. Жиында еліміздің әр өңірінен келген белсенді жастар этносаралық келісім мен бірлікті нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының құндылықтарын білім беру жүйесінде ілгерілету мәселесін талқылайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда Студенттер ассамблеясының республикалық форумы басталды

Форум аясында «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары, Студенттер ассамблеясының төрағасы Александр Урмашов жастарға «Ішкі көшбасшылық» тақырыбы бойынша шеберлік сағатын өткізеді.

«Бұл форум – елімізде тұңғыш ұйымдастырылып отырған тарихи іс-шара. Қостанай форумы еліміздің студент жастары үшін, біз үшін де аса маңызды. Өйткені, жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастар – мемлекеттің ертеңі, елдің болашағы. Бүгінгі таңда ертең ел игілігіне қызмет ететін білімді, бәсекеге қабілетті, ойы өткір, саналы ұрпақ қалыптастыру аса маңызды. Форумға проректорлар, жоғары оқу орындарының өкілдері де арнайы келіп отыр. Бұл – студенттік бастамаларға жоғары деңгейдегі қолдаудың бар екенін көрсетеді», дейді Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан.

Форумға алпысқа жуық студент қатысып жатыр. Олар екі күн бойы өзара тәжірибе алмасып, білікті мамандардың дәрісін тыңдайды.  Сондай-ақ, қаланың мәдени орындарын аралап, көріп, Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай сахналанған қойылымды тамашалайды.

Қостанай облысы