Ауа райы • Бүгін, 09:45

30 градус аяз, бұрқасын: 10 желтоқсан күні ауа райы қандай болады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес еліміздің кейбір өңірлерінде қатты аяз болады, деп хабарлайды Egemen.kz

30 градус аяз, бұрқасын: 10 желтоқсан күні ауа райы қандай болады

Батыс аймақтарда көбіне жауын-шашынсыз, түнде тұман байқалады. Кей өңірлерде (Маңғыстау, Атырау) жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан секундына 9-14 метрге дейін, кей жерде 15-20 метрге дейін соғады. Ауа температурасы түнде 4-18° аяз, кей аймақта 0° шамасы, күндіз 0…5° аяз, Маңғыстауда 1-3° жылы.

Солтүстік және орталық өңірлерде қатты аяз сақталады. Түнде 20-30° аяз, күндіз 12-20° аяз болады. Кей аймақтарда (Павлодар, Қарағанды, Ұлытау) қар, боран, көктайғақ, тұман күтіледі, жел секундына 9-14 метрге дейін, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Астана мен Көкшетауда жауын-шашынсыз, бірақ 24-30° аяз болады.

Шығыста қар, боран, көктайғақ күтіледі. Кей жерде (Өскемен, Семей) қар күшейіп, бұрқасын соғады. Жел секундына 9-14 метрге дейін, екпіні 20-23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 18-27° аяз, кейін одан әрі төмендейді. Тұман түнде және таңертең болуы мүмкін.

Оңтүстікте кей жерлерде қар жауып, таулы аймақтарда боран және көктайғақ байқалады. Жел секундына 8-15 метрге дейін, таулы аймақтарда 20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 3-12° аяз, тауда 15° аязға дейін; күндіз 0…8° жылы, таулы өңірлерде 5-11° аяз. Алматы мен Қонаевта қар жауады. Шымкент пен Түркістанда түнде -5…-8°, күндіз 0…3° жылы.