Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025

Алматыда бір түнде жарты айдың нормасындай қар жауды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 желтоқсан сағат 07:00-дегі мәлімет бойынша қардың қалыңдығы 35 сантиметрге дейін жетті. Бұл айлық норманың жартысына жуығы, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда бір түнде жарты айдың нормасындай қар жауды

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы хабарлағандай, қаладағы қар күреу жұмыстарына 2 728 жұмысшы мен 75 жедел бригада жұмылдырылған. Қала жолдарына 1 000-нан астам арнайы техника шығарылды, оның ішінде көктайғақты болдырмау үшін арнайы қоспа себетін 228 құрама жол машинасы бар. Колонналардың қозғалысын қамтамасыз ету үшін 22 полиция экипажы, сондай-ақ 10 эвакуатор мен манипулятор тартылған.

Мамандардың айтуынша, сағат 04:00-тен бастап магистральдар мен аудандық көшелерді тазалайтын 21 колонна жұмысқа кірісті. Сонымен қатар тротуар, аялдама мен жүргіншілер аумағы күреліп жатыр. Сағат 05:00-де 37 жеке мердігер ұйымның 1 790 жұмысшысы мен 256 техникасы аулаларды тазалау жұмыстарына жұмылдырылды.

Бұған қоса, қалада жол мен көшенің жағдайын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік қойылған. Барлық коммуналдық қызмет қар толық тазалағанға дейін күшейтілген режимде жұмысын жалғастыра береді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35