Фото Depositphotos.com
Бас прокуратураның мәліметінше, биылғы жылдың 21 ақпанында кәсіпкер жұмысқа кетіп, кейін байланысқа шықпаған. Бұл жағдай оның хабар-ошарсыз жоғалған деп танылуына себеп болды.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сол күні кәсіпкердің Павлодарда күдіктімен оның тұрғын үйінің ауласында кездескені анықталды. Қаржылық келіспеушіліктерге байланысты олардың арасында жанжал туындап, қаскүнем жәбірленушінің кеудесі мен бетіне 22 рет пышақ сұққан. Жәбірленуші сол жерде алған жарақаттарынан көз жұмған», делінген хабарламада.
Қылмыстың ізін жасыру мақсатында күдікті марқұмның денесін және автокөлігін гаражға жасырып, кейін өзі шетелге қашып кеткен.
Күдікті наурыз айында Ресейде ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.