Президент • Бүгін, 11:40

Иран Ислам Республикасының Президенті Ақордаға келді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианды Ақорда резиденциясында ресми түрде қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Иран Ислам Республикасының Президенті Ақордаға келді

Фото: Ақорда

Мәртебелі мейманның құрметіне салтанатты рәсім залында Құрмет қарауылы сап түзеді.

з

Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимндерін орындады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан кілем жолымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына бет алып өтті, одан кейін екі ел басшыларының шағын құрамдағы кездесуі басталды.

з

Бұған дейін хабарланғандай, Иран Президентінің ресми сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланған. Онда сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері талқыланбақ.