АСТАНА. 21 ақпан. Еліміздің спортшысы Галина Вишневская Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан биатлоннан жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Екі айналымнан тұратын спринтерлік сайыста (7,5 шақырым) бақ сынаған отандасымыз жарыс жеңімпазы франциялық Лена Арнодан 2,4 (0+0) секундқа қалып қойды. Лена Арно жарыс жолын 20 минут 40,6 (0+0) секундта жүріп өткен еді. Ал үздік үштікті тағы бір француз биатлоншысы Хлое Шевалье түйіндеді. Ол мәреге жеңімпаздан 13,1 (0+0) секунд кешігіп жетті.
Осы сында ел намысын қорғаған тағы басқа спортшыларымыз Виктория Баженова (+3:12,1 (1+1)) мен Валентина Сауленко (+4:27,5 (2+2)) сәйкесінше, 48 және 58-орындарды місе тұтты.
Бұл Галинаның Беларусь елінде өтіп жатқан әлем чемпионатындағы екінші жүлдесі. 17 ақпанда басталған жарыстың үшінші күні ол 12,5 шақырымға созылған жекелей сында қола жүлдегер атанған еді. Минскідегі сайыс 24 ақпан күні аяқталады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: sports.ru.

Жетісу облысында Сиверс алма ағашы гүлдеді
Аймақтар • Кеше
Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті
Елорда • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Кеше