Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2025

БҚО-да мас күйінде көлік жүргізген 5 жүргізуші қамауға алынды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында 1-14 желтоқсан аралығында өтіп жатқан «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде  2 мыңнан аса ереже бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да мас күйінде көлік жүргізген 5 жүргізуші қамауға алынды

фото: zakon.kz

Желтоқсанның 12-сі күні таңғы сағат 04:00 шамасында Бөрлі ауданы патрульдік полиция взводының қызметкерлері Бөрлі-Ақсай автожолында Chevrolet Niva автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында 43 жастағы Ақсай қаласының тұрғыны көлікті мас күйінде айдап келе жатқаны белгілі болған. Тексере келгенде, ол бұдан бұрын да мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Қазір жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

1-14 желтоқсан аралығында Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру.

Шараның алғашқы 10 күнінде полиция қызметкерлері 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактілерін тіркепті. Олардың ішінде 33 жүргізуші көлікті мас күйінде айдаған, 15 көлік жолдың қарсы жолағына шыққан, 52 жүргізуші куәлігінен айырылса да көлік басқарған, ал 40 көлік рұқсатсыз қайта жабдықталған.

Батыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025