Қоғам • Бүгін, 11:39

2026 жылы Қазақстанда қай жолдар ақылы болады?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылы Қазақстанда тағы алты автожол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың шақырым болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2026 жылы Қазақстанда қай жолдар ақылы болады?

Ақылы болатын жол учаскелері:

  • Қарағанды – Балқаш — 363 шақырым;
  • Бурылбайтал – Құрты — 228 шақырым;
  • Ақтөбе – Қандыағаш — 96 шақырым;
  • Талдықорған – Өскемен — 768 шақырым;
  • Атырау – Астрахань — 277 шақырым;
  • Мерке – Шу — 78 шақырым.

Көлік министрлігі 2026 жылы тарифтерді өзгерту жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

– Төлем жасау тәсілдері өзгеріссіз қалады. Бюджетке түсетін жүктемені азайту және қайта жаңғырту мен жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелердің өзін-өзі ақтауы үшін ақылы жүйе енгізіліп жатыр, – делінген хабарламада.