Оқиға • Бүгін, 11:18

Алматыда пойызда газбен уланғандардың жағдайы қалай?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы пойызда газдан уланған екі бала жансақтау бөлімінен токсикологиялық бөлімге ауыстырылды. Дәрігерлер олардың жағдайы тұрақталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда пойызда газбен уланғандардың жағдайы қалай?

Фото: istockphoto.com

«Қазіргі таңда барлық балалардың жағдайы тұрақтанды. Реанимацияда жатқан екі бала профильді токсикологиялық бөлімге ауыстырылды. Қазір олардың өміріне қауіп жоқ», деді Алматы қаласындағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бас дәрігерінің орынбасары Құрметбек Тохтарұлы.

Естеріңізге сала кетейік, 11 желтоқсанда Алматы-2 теміржол бекетінде табиғи газдан улану дерегі тіркеліп, барлығы 52 адамға медициналық көмек көрсетілді.

Куәгерлердің айтуынша, оқиғаға газбен жұмыс істейтін жылытқыштан туындаған ақау себеп болған.  Адамдар суықтан жылыну үшін жылытқыштың жанына жиналған, бірақ қысқа уақыт ішінде олардың жағдайы күрт нашарлаған.

«Бір сәтте бір бала есінен танып, айқайлады. Мен де өзімді жаман сезіндім. Басында басым айналып, есімді бірден жинай алмадым. Біз пойыздан шыққаннан кейін де әлсіздік сезілді», деді Роман Мұратов.

Қазір балалар мен ересектерге медициналық көмек көрсетіліп, зардап шеккендердің жағдайы бақылауға алынған. Барлық жағдайды тиісті органдар жан-жақты тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы құбылып тұр

Қаржы • Бүгін, 16:44