Энергетика • Бүгін, 20:53

Электр энергия өндірісінің 7%-дан астамын жаңартылған энергия көздері қамтамасыз етті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында «жасыл» технологиялар саласындағы жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, жаңартылған энергия көздерін (ЖЭК) дамытуға жағдай жасап келеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Электр энергия өндірісінің 7%-дан астамын жаңартылған энергия көздері қамтамасыз етті

Қазақстан жаңартылған энергетика саласында әлемдік инвесторлар үшін тартымды алаң ретіндегі позициясын нығайтып келеді.

2025 жылдың 3-тоқсанының қорытындысы бойынша таза генерацияның үлесі электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 7%-ынан асты, ал ЖЭК нысандарының жалпы саны 159 станцияға жетті.

«2025 жылы ЖЭК саласында жиынтық белгіленген қуаты 266 МВт болатын бірқатар маңызды жобалар іске асырылды. Қарағанды облысы мен Ұлытау өңірінде жаңа жел электр станциялары, сондай-ақ Қызылорда және Маңғыстау облыстарында күн электр станциялары пайдалануға берілді. Бұл нысандар қазірдің өзінде жұмыс істеп, елдің энергожүйесіне өз үлесін қосуда», деді Ерлан Аккенженов.

Саланың дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі – энергияны жинақтау жүйелерімен жабдықталған гигаваттық деңгейдегі жел электр станциясын салуға арналған алғашқы ірі аукционның өткізілуі болды. Бұл жобаны іске асыру неғұрлым икемді әрі тұрақты энергожүйе қалыптастыруға жол ашып, нарықтың ауқымды бастамалар мен заманауи технологиялық шешімдерге дайын екенін растады.

Соңғы жаңалықтар