Фото: shutterstock
Kurs.kz дерегіне сәйкес, қазіргі уақытта қалалардағы орташа бағам мынадай:
Алматы қаласында:
долларды сатып алу 516,95 теңге, сату 519,66 теңге;
еуро 605,44 теңгеден сатып алынып, 611,13 теңгеден сатылып жатыр;
рубль бағамы 6,46–6,58 теңге аралығында.
Астанада:
долларды сатып алу бағасы 514,58 теңге, сату бағасы 521,58 теңге;
еуро 601,61 теңгеден сатып алынып, 611,60 теңгеден сатылуда;
рубль 6,45 теңгеден қабылданып, 6,60 теңгеден сатылып жатыр.
Шымкент қаласында:
долларды сатып алу 517,25 теңге, сату 519,70 теңге;
еуро 605,67 теңгеден сатып алынып, 611,59 теңгеден сатылуда;
рубль 6,46 теңгеден сатып алынып, 6,54 теңгеден сатылып жатыр.
Ұлттық банк белгілеген ресми бағамға сәйкес, бүгін 1 доллар 519,61 теңге, 1 еуро 610,13 теңге, ал 1 рубль 6,54 теңге болып отыр.
Айта кетейік, 15 желтоқсандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 519,61 теңгені құрап, 2,63 теңгеге төмендеген.