— 2025 жылғы 17 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, елордада ауа райының күрт нашарлауы байқалуда, аяз буып, боран соғады және жел күшейеді деп болжайды мамандар. Бас штаттан тыс травматолог, басқарма маманы Алексей Солод қала тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға және көшеде сақ болуға шақырады.