Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығынан жоғалып кеткен үш адамның мәйіті табылды. Олар – Жәнібек ауданының 57 жастағы тұрғыны, Бөкейорда ауданының 25 жастағы тұрғыны және Казталов ауданының 35 жастағы тұрғыны. Барлығы үсік шалып, көз жұмған.
Ақжайық ауданының тағы бір 54 жастағы тұрғыны аман-есен табылды, бірақ аяқ-қолдары үсіп қалған. Ол Оралға жеткізілді.
Сонымен қатар Жәнібек ауданының 59 жастағы тұрғыны да жоғалып кеткен. Ол 13 желтоқсанда сағат 21:00 шамасында Бұқар қыстағынан шығып кеткен.
Оны құтқарушылар, әскери қызметкерлер, полиция қызметкерлері және жергілікті әкімдік қызметкерлері іздестіріп жатыр.