Өнер • Бүгін, 07:30

Облыстық филармония академиялық мәртебе алды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ғарифолла Құрман­ғалиев атындағы Ба­тыс Қазақстан об­лыстық филармония­сына жақында «акаде­миялық» мәртебе бе­рілген болатын. «Ата­­мекен» өнер ордасында Мәдениет және ақпарат минис­трлігінің Мәдениет комитеті төрағасы Ерлан Дәке­нов ел Үкіметі қаулысын филармония басшысына салтанатты түрде табыс етті.

Облыстық филармония академиялық мәртебе алды

Осы күні Дәу­леткерей атын­дағы қазақ халық аспаптары оркестрінің 25 жылдығына орай және «Атамекен» халық биі ансамблінің құрылғанына 30 жыл толу құрметіне Премьер-министрдің орынбасары әрі Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева­ның құттықтау хаты тапсырылды. Қос ұжым­ның алты мүшесі «Қа­зақ­стан Рес­публикасы мәде­ниет саласының үздігі» төс­бел­гісімен марапатталды.

Өнер ұжымы Дәулет­керей атындағы қазақ халық аспап-тары оркестрінің құ­рылғанына 25 жыл толуы салтанатын «Атамекен» концерт залында «Ширек ғасыр шабыты» атты мерейтойлық концертімен атап өтті.

Осы мерейтой қарса­ңында оркестрдің 25 жылдық тарихынан сыр шертетін «Ширек ғасыр ширығу» атты деректі фильм дайындалған екен. Оркестр ұжымы қызыл кілем үстінен өтіп, халықтың құрмет-қошеметіне бөленді.

Филармония директоры Бауыржан Халиолла ұжымның кейінгі бір жылда қол жет­кізген бас­ты жетіс­тіктеріне тоқталып өтті. Одан кейін кеш халық композиторлары мен шетел­дік авторлардың шы­ғар­маларына арналған концертке ұласты. Оркестрдің көркемдік жетек­шісі әрі бас дирижері, «Дарын» мемлекеттік жас­тар сый­лы­­ғының ие­гері Жарас Сатыбалдиев, Мә­дениет саласының үздігі Асылхан Қазиев, филармония ән­шілері Хатимолла Бер­ді­ға­лиев, Қанатқали Қо­жақов, Қайрат Кәкімов, Күләш Қуанышқалиева, Дас­тан Есентеміров, Айбар Хайыр­ханов, Ерлан Өмірәлі, күйші Тұрлыхан Әбуханов және басқалары сахна төрінен оркестрмен бірге кезекпен өнер көрсетті. Іс-шара қонақтары – Ал­маты, Астана, Атырау қалаларынан арнайы келген өнер шеберлері де көрермен көз­айымына айналды. Қазақ­станның халық әртісі Айгүл Үлкенбаева, Құрманғазы атын­дағы Қа­зақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің көр­кемдік жетекшісі Батыржан Мық­тыбаев қара домбыраны күмбірлетіп күй төкті.

 

Батыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы арзандады

Қаржы • Бүгін, 18:00