Қоғам • Бүгін, 10:20

Бала саны сегізден асса, жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін жәрдемақылармен орта есеппен 847,9 мың отбасы қамтылып, жалпы сомасы 555,8 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бала саны сегізден асса, жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?

Фото: Ерлан Омар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артты.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы (төрт және одан да көп баласы бар) отбасының табысына қарамастан тағайындалады. Төлем мөлшері бала санына байланысты сараланған және 2025 жылы келесідей:

  • 4 балаға – 63 030 теңге (16,03 АЕК);
  • 5 балаға – 78 798 теңге (20,04 АЕК);
  • 6 балаға – 94 565 теңге (24,05 АЕК);
  • 7 балаға – 110 332 теңге (28,06 АЕК);
  • 8 және одан да көп баласы барларға – 15 728 теңгеден (4 АЕК) әр балаға қосылады.

Айта кетерлігі, бұл көмекті отбасының табыс деңгейіне қарамастан, 18 жасқа толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар барлық көпбалалы ата-аналар ала алады.

Мемлекет «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:

  • «Күміс алқа» иегерлеріне – 25 165 теңге;
  • «Алтын алқа» және өзге де жоғары марапат иелеріне – 29 097 теңге.
Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы арзандады

Қаржы • Бүгін, 18:00