Қоғам • Бүгін, 14:02

Министрлік мереке қарсаңында алаяқтардан сақ болуға шақырды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі қызметкерлері мереке қарсаңында жалған ашықхаттар мен «тиімді» жеңілдіктерге сенбеуді ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрлік мереке қарсаңында алаяқтардан сақ болуға шақырды

Фото: ашық дереккөз

Мереке қарсаңында алаяқтар белсенді түрде әрекет етеді. Олар қауіпті файлдар тіркелген «жаңажылдық құттықтаулар» таратып, сондай-ақ бағасы әдейі төмендетілген сыйлықтар мен тауарлар туралы жалған хабарландырулар жариялайды.

Ақша аударылғаннан кейін байланысты тоқтатады. Алаяқтар анимациясы немесе музыкасы бар құттықтау жіберіп, файл арқылы парольдерге, банк карталарына және қосымшаларға қол жеткізеді. Сондай-ақ нарықтағы бағадан едәуір төмен бағада тауар немесе сыйлық ұсынады. Ақшаны шұғыл түрде аударуға көндіреді. Төлем жасалған соң хабарландыруды өшіріп, жауап бермейді.

«Алаяқтар жиі жалған аккаунттар мен қолдан жасалған пікірлерді пайдаланып, өзін сенімді сатушы ретінде көрсетеді. Сондықтан бейтаныс сатушыларға алдын ала ақша аудармай, пікірлер мен аккаунттың тарихын мұқият тексеру қажет. Бейтаныс адамдардан келген файлдар мен сілтемелерді ашпай, apk кеңейтімі бар файлдарды бірден өшіргеніңіз абзал», деп ескертті ІІМ.

Айта кетейік, бұған дейін алаяқтар тұрғындарды тұзаққа түсірудің жаңа айла-тәсілін ойлап тапқанын хабарлаған едік. Қаскүнемдер жеткізу қызметтерінің, басқарушы компаниялар және банктердің атынан әртүрлі SMS-хабарламалар жіберіп, азаматтарды өздері қайта қоңырау шалуға итермелейді. 

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы арзандады

Қаржы • Бүгін, 18:00