Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар аралас жауын жауып, көктайғақ болады.Таулы аймақтарда боран соғады, 18 желтоқсанда кей өңірлерде қатты жауын-шашын болжанып отыр.
Республика бойынша жел күшейіп, секундына 15–20 метрге дейін жетеді, кей уақытта 23–28 метрге дейін күшейеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
«Еліміздің батыс аймақтарында түнде температура 3-18 градустан 0-5 градусқа дейін көтеріліп, күндізгі негізгі фон 5 градустан 3 градусқа дейін нөлден жоғары болады.
Солтүстік-батыста түнде температура 7-23 градустан 0-15 градусқа дейін көтеріледі, күндізгі ауытқулар 3-15 градустан 0-5 градусқа дейін жетеді.
Солтүстік және орталық аймақтарда түнде температура 15-23 градустан 5-15 градусқа дейін көтеріледі, күндізгі ауытқулар 10-18 градустан 3-8 градусқа дейін жоғарылайды.
Шығыс аймақтарда түнде температура 12-28 градустан 7-20 градусқа дейін көтеріліп, күндізгі ауытқулар 7-18 градустан 5-15 градусқа дейін жетеді.
Елдің оңтүстігінде түнде температура 3-20 градустан 3-12 градусқа дейін көтеріледі, күндізгі температура 0-8 градусқа дейін жетеді.
Оңтүстік-шығыста түнде және күндіз еліміздің негізгі фон температурасы 0-5 градус, таулы аймақтарда 8-13 градус аяз болады», деп хабарлады «Қазгидромет».