Жарыстың бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал, серіктесі «Sportqory» спортты қолдау қоры және «AlemAgro» компаниясы.
Кубоктың ұйымдастырушылары – «Теңге ілу» федерациясы» РҚБ, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Жарысқа 18-ге толған және одан жоғары жас аралығындағы 30 спортшы қатысты.
Жарыста «Жеті құт», «Бес белес», «Қос құлаш» стильдері бойынша спортшылар сынға түсіп, үздіктер анықталды. Жарыстың басты ерекшелігі 3 стиль бойынша үздіктер жарысып, үздік теңге ілуші анықталды. Үздік теңге ілуші – Шымкент қаласының спортшысы Төлтай Бақыт атанып, өзінің шеберлігін дәлелдеді.
Аталған жарыс, тұңғыш рет өтуде және әр жыл сайын өткізу жоспарлануда. Бұл жарыс спортшылар үшін өздерінің мықтылығын дәлелдеуге зор мүмкіндік. Жарыстың тұрақты түрде өтуі теңге ілу спортының дамуына оң септігін тигізуде.
Теңге ілу федерациясына президент болып 2023 жылы қаңтар айында Амангелді Ақбатырұлы сайланып, теңге ілу спорты жылдан-жылға деңгейі көтерілуде, себебі 2023 жылдан бері жаңа басшылықпен 3 рет Азия Кубогы, 1 рет Азия чемпионаты және 1 рет Әлем чемпионаты ұйымдастырылып халықаралық жарыстар саны көбеюде.
Ұлттық спортымыз теңге ілу 2026 жылы Қырғыз елінде өтетін Көшпенділер ойынының тізіміне кіргенін хабарлаймыз.