Фото: istockphoto.com
Жаңа заңнама аясында ЛГБТ насихаты құқыққа қайшы контент ретінде жіктелді. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Сенат кулуарында бұл тыйымды бұзғандарға қандай шара қолданылатынын түсіндіріп берді.
Айыппұлдар мен жаза түрлері:
- Бірінші рет бұзғандарға: 20 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салынады.
- Бір жыл ішінде қайталанса (рецидив): Айыппұл көлемі артады немесе құқық бұзушы 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.
«Тиісті шаралар тек ресми арыз түскен жағдайда ғана қабылданады. Мысалы, азаматтар e-Otinish порталы арқылы шағым түсіре алады, содан кейін ғана мазмұнды бағалау процедурасы басталады», деді Евгений Кочетов.
ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуға қатысты заңға түзетулер енгізіледі
Еске сала кетейік, тыйым тек ЛГБТ-ға ғана емес, сонымен қатар педофилия мен дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды дәріптейтін кез келген материалдарға (БАҚ, кітаптар, іс-шаралар) қатысты.