Қоғам • Кеше

Мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беріледі

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беріледі

фото: ашық дереккөз

Айта кетейік, заңды бұған дейін Мәжіліс қабылдаған.

Сенатор Амангелді Есбайдың айтуынша, бұл құжат цифрлық архивті қалыптастырудың құқықтық негіздерін айқындап, Ұлттық архив қорының құрамын және ұғымдық аппаратын заман талабына, оның ішінде цифрландыру үдерістеріне сәйкес кеңейтеді. Сондай-ақ ауылдық елді мекендерде еңбек ететін архив қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу тәртібінің заңдылығын бекітеді. Бұған қоса архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру құқығы айқындалды.

Сонымен қатар депутат заң бірыңғай электрондық архивті қалыптастыруға, құжаттарды электрондық форматқа көшіруге және салалық ұғымдарды кеңейтуге мүмкіндік береді деп отыр.

Заңдағы негізгі жаңашылдықтардың бірі – мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебенің берілуі. Бұл қадам тарихи әрі мәдени құндылықтарды сақтау тетіктерін жетілдіруге, архив мекемелерінің материалдық-техникалық әлеуетін күшейтуге, сондай-ақ олардың қоғамдағы рөлі мен салмағын арттыруға мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауды шектеуге бағытталған нормалар жас ұрпақты қоғамға жат құбылыстардан қорғауға, отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және адамгершілік-рухани тәрбиені қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Жалпылай алғанда, енгізіліп отырған түзетулер архив саласы мен құжат айналымын басқарудың қолданыстағы жүйесін жаңартуға, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды күшейтуге әрі халықаралық стандарттарға бейімдеуге бағытталып отыр. 

Айта кетейік, Сенат «Мұрағат ісі және құқыққа қарсы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қолдады.

Соңғы жаңалықтар