Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025

Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып қалған

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында бір үйдің бес баласы мен анасы табиғи газдан уланып қалды. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып қалған

Фото: Ашық дереккөз

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 18 желтоқсан күні болған. 

Қазіргі уақытта бес бала Зачаган кентінде орналасқан облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған. Олардың жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Ал балалардың анасы қалалық көпбейінді ауруханада ем қабылдап жатыр.

Мамандардың айтуынша, әйелдің жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Ведомство өкілдері зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар