Әлем • Бүгін, 10:45

«Салонда спортшылар болған»: АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында болған. Стейтсвилл әуежайында қону кезінде Cessna C550 жеңіл ұшағы апатқа ұшыраған. Салдарынан бірнеше адам қаза тапқан, деп жазады Egemen.kz.

«Салонда спортшылар болған»: АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады

Фото: SHOT

Анықталғандай, аталған әуежай бірнеше NASCAR жарыс командаларына қызмет көрсеткен. Жергілікті БАҚ мәліметінше, джет салонында NASCAR жарысшысы әрі чемпион Грегг Биффл және оның отбасы мүшелері әрі өзге де спортшылар болуы мүмкін. Қаза тапқандардың нақты саны әзірге белгісіз.

«Оқиғаға қатысты Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) мен Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі тергеу жүргізеді», деп хабарлап отыр Федералдық азаматтық авиация басқармасы.

SHOT дерегінше, жаңбыр, төмен бұлттылық, көріну деңгейінің нашар болуы секілді қолайсыз ауа райы жағдайлары апаттың болуына себеп болған.

Соңғы жаңалықтар

2026 жылы бізді не күтіп тұр?

Қоғам • Бүгін, 11:02