Фото: istockphoto.com
Министрдің айтуынша, 2026 жылы Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында үш жаңа су қоймасының құрылысы басталады.
Сонымен қатар Жамбыл және Түркістан облыстарында қолданыстағы екі су қоймасын реконструкциялау жұмыстары жоспарланған. Бұл шаралар еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ирригация жүйелерін жақсарту мақсатында жүзеге асырылмақ.
Бұдан бөлек, Нұржан Нұржігітов оңтүстік өңірлердегі инфрақұрылымды жаңғырту жоспарын бөлісті. Атап айтқанда, бес облыста жалпы ұзындығы 986 шақырымды құрайтын 103 каналға арналған 96 жобаны реконструкциялау және автоматтандыру жұмыстары басталады.