АТЫРАУ. 23 ақпан. Атырау облысындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 1995 жылы туған Нұрлан мен 1998 жылы туған Дамир есімді сотталушыларға экстремизмді насихаттағаны үшін сот үкімі шықты. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз хабарлады.
Хабарламада көрсетілгендей, сотталушылар ғаламтор желісінен әр түрлі сайттар арқылы «қарулы жиһад» идеологиясын насихаттайтын материалдарды қарап, мұсылмандарды құтқару үшін Сирия аумағындағы «моджахедтер» қатарында ресми билікке және қарулы күштерге қарсы болып жатқан соғыс қимылдары туралы бейне материалдарды діндес бауырлары арасында ұялы телефонынан көрсестіп, насихат жүргізген.
Сот басты сот талқылауында сотталушылардың алдына ала тергеуде және сот тергеуінде берген жауаптары салыстырыла отырып, зерделенді. «Экстремизмді насихаттаушылар Қылмыстық Кодекстің 233-1-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек, сурет: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Жетісу облысында Сиверс алма ағашы гүлдеді
Аймақтар • Кеше
Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті
Елорда • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Кеше