АСТАНА. 23 ақпан. ВТБ лигасы аясында «Астана» баскетбол командасы өз алаңында эстониялық «Калевті» 93:72 есебімен жеңді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ойын тізгінін бірден өз қолдарына алған алаң иелері алғашқы кезеңді 24:18 есебімен өз пайдаларына аяқтады. Әйтсе де, келесі кезеңде қонақтар жинақылық танытып, 25:17 есебімен басым түсті. Нәтижесінде, үлкен үзіліске «Калев» командасы 2 ұпай басымдығымен аттанды (43:41).
Үшінші кезең тағы да қонақтардың басымдығымен басталды. Дегенмен, бұл жолы Джерри Джонсон мен Джейкован Браун бастаған «Астана» ойыншылары «Калевтің» қарқынына тойтарыс бере алды. Кезеңді 25:21 есебімен аяқтаған астаналықтар жалпы есепте де алға шықты (66:64). Ал шешуші төртінші кезеңде Рамунас Бутаутастан тәлім алатын «Астана» ойыншылары қарсыластарының адымын аштырмарды. Соңғы кезең 27:8 есебімен елордалықтардың пайдасына аяқталды.
Бұл Рамунас мырза келгелі «Астананың» ВТБ лигасындағы алғашқы жеңісі. Біздің команда осыған дейін жеті ойын қатарынан жеңілген еді. Осы жеңістен кейін елордалық команда турнир кестесінде екі саты жоғары өрлеп, 12-орынға табан тіреді. Лига аясындағы кезекті ойынын «Астана» 1 наурыз күні сырт алаңда Саратовтың «Автодорына» қарсы өткізеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: bcastana.kz.

Жетісу облысында Сиверс алма ағашы гүлдеді
Аймақтар • Кеше
Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті
Елорда • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Кеше