Фото: ашық дереккөз
Оның айтуынша, жаңа тетік шеңберінде «дропперлік» деп аталатын 195 мыңнан астам шот бұғатталған. Шоттардағы қаражаттың жалпы сомасы 2,6 млрд теңгені құраған. Сонымен қатар, тергеу барысында прокурорлардың бастамасымен 9 млрд теңгеден астам сомаға тыйым салынған.
Бас прокурор биыл заңсыз қылмыстық әрекетке тартудың 3 мыңнан астам дерегінің алдын алу мүмкін болғанын да айтты. Сондай-ақ ол адам құқықтарын қорғау және қылмыстық-атқару жүйесінің (ҚАЖ) жұмысы салаларындағы оң өзгерістерге тоқталды.
Атап айтқанда, азаптау деректерінің саны бірнеше есе қысқарды, 2025 жылы ҚАЖ мекемелерінде азаптау жағдайларына жол берілген жоқ, сотталғандар арасындағы суицид деңгейі 27%-ға төмендеген, ал олардың еңбекпен қамтылу көрсеткіші 15%-ға артқан.
Прокуратурада қаржылық бақылау алгоритмдерін енгізу және қадағалау жұмыстарын күшейту көлеңкелі экономиканы қысқартуға әрі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталғаны айтылды.