Мәдениет • Кеше

«Астана Балет» театры жаңа жыл қарсаңында қандай қойылымдар ұсынады?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа жыл қарсаңында «Астана Балет» театры көрермен назарына сиқырға толы ертегі қойылымдар топтамасын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана Балет» театры жаңа жыл қарсаңында қандай қойылымдар ұсынады?

Жаңажылдық мерекенің сәніне айналған «Щелкунчик» балеті репертуарда ерекше орын алады. Сегіз жылдан бері бұл қойылым театр сахнасында аншлагпен өтіп келеді. Жыл сайын көрерменге 10-15 спектакль ұсынылады. Қойылымға «Астана Балет» театрының әртістерімен қатар Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері де қатысады. Ал жас көрермен үшін 19, 20, 21 және 23 желтоқсан күндері балаларға арналған балеттің ықшамдалған нұсқасы сахналанады.

Сондай-ақ бағдарламада 7, 9 және 10 қаңтарда көрсетілетін «Қар ханшайымы» балеті де бар. Ханс Кристиан Андерсеннің ертегі желісімен қойылған бұл қойылым достық, мейірім мен махаббатты бимен жеткізеді.

Қысқы қойылымдар легін 23 және 24 қаңтарда сахналанатын «Күлше қыз» балеті түйіндейді. Бұл туынды Күлше қыздың табандылығы мен өзіне деген адалдығын бейнелейді.

Барлық спектакль «Астана Балет» театры симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Оркестрді бас дирижер Арман Оразғалиев пен дирижер Элмар Бөрібаев басқарады.

Соңғы жаңалықтар