Жезді кентінде ашылған спорт кешені Мемлекет басшысының өңірлерді дамыту, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және салауатты ұлт қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатының нақты нәтижесі. Әсіресе, осындай көптен күткен заманауи спорт нысанының ауылдық елді мекендерде салынуы – мемлекет тарапынан барлық өңірлерге көңіл бөлініп отырғанының дәлелі.
Ашылу рәсіміне Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қатысып, өңір тұрғындарын жаңа спорт нысанының іске қосылуымен құттықтады.
Қос қабатты спорт кешенінде баскетбол және волейбол ойындарына арналған әмбебап спорт залы, көрермендерге арналған орындар, әкімшілік кабинеттер мен арнайы қосалқы бөлмелер қарастырылған.

Жаңа нысан тұрғындардың спортпен тұрақты түрде айналысуына және бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік береді. Мұнда балалар мен жастардың спортпен шұғылданып, өз қабілеттерін шыңдауға мүмкіндігі бар.
Жыл соңына дейін Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында есу спортына арналған спорт кешені, Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде 210 орындық денешынықтыру-сауықтыру кешені, сондай-ақ Ералиев ауылында ангар үлгісіндегі жылдам салынатын спорт кешені ел игілігіне берілмек.