Фото: 24 kz
Зор көлемдегі бұзу
86 млн аудиофайл көшірілген. Жалпы көлемі – шамамен 300 терабайт. Аталған файлдар ғаламтор кеңістігінде ашық түрде әлі табылмаған.
Хакерлердің мақсаты
Музыканы тегін интернет-платформаларға жүктеуді жоспарлап отыр. Бұл авторлық құқық пен индустрия үшін үлкен қауіп төндіреді.
Spotify не дейді?
Компания деректердің тарағанын растады. Қазір ішкі тексеру мен тергеу жүргізіліп жатыр. Қолданушылардың жеке деректері зардап шеккені туралы ақпарат әзірге таралмаған.
24 kz-ің жазуынша бұл туралы мәліметтер Billboard журналына жарияланған.