Тағайындау • Бүгін, 14:31

Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамына енді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарұлы «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамына енді

Фото: Ашық дереккөз

Ол бұл лауазымға 20 желтоқсан күні тағайындалған.

Қазір «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесіне премьер-министр Олжас Бектенов, Болат Жәмішев, Лука Сутера, Вонг Хэн Файн, Нұрлан Жақыпов, Мохаммед Джамиль Аль Рамахи және Ерболат Досаев кіреді. Кеңесте сондай‑ақ SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) жасанды интеллект бейнесіндегі виртуалды директор бар.

Ерболат Асқарбекұлы Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласының            О. Жәутіков атындағы республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірген.

Әр жылдары Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

Ерболат Досаев қыркүйек айында Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалған еді. 

 

 

Соңғы жаңалықтар