ҚОСТАНАЙ. 23 ақпан. Қостанайда «Масленица» халықтық мерекесі тойланды. Орталық алаңға қысты шығарып салып, көктем нышанын көруге жүздеген қостанайлықтар жиналды. Бұл туралы kostnews.kz хабарлады.
Масленица – қыс қаһарының азайып, көктем шуағы біліне бастағанына адамдар қуанышын білдіретін ежелгі халықтық мереке. Бұл мерекенің ежелден терең философиялық мәні бар. Өмір адамға күреспен келетінін білдіреді. Мереке қаһарлы қысты қымтырылып өткізген соң, аяздың сынып, күннің көтеріліп, шуағын молайта бастағанына қуанған адамдар көңіл-күйін білдіреді. «Масленица» мерекесінде халықтық дәстүрлер, халықтың болмысы көрінеді. Дәмді де, майлы құймақ мерекенің басты белгісі, қыстың кеткенін қуыршақ-тұлып өртеумен сипаттайды. Ал христиан діні ұстанушылар үшін құймаққа тоятын аптадан кейін үлкен пост басталады.
«Масленица» мерекесінде арқан тарту, гір көтеру, сыпырғы ұру, жалмауыз кемпірді сүю, таға өлшеу секілді түрлі халықтық ойындар ойналды. Үлкен-кіші құймаққа тойып, ойын ойнап, аязды қысты дуылдатып шығарып салды.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: kostnews.kz.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлытауда үздіктер марапатталды
Мереке • Бүгін, 18:46
Шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 40%-ына жетті
Бизнес • Бүгін, 18:24
Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті
Алматы • Бүгін, 18:05
Қазақстанның табиғаты Батыс жұртының назарын аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:03
Алматыда заңсыз салынған автосервис нысаны сүрілді
Алматы • Бүгін, 17:46
Полиция қызметкерлеріне пара берген: Грузияда жасырынған кәсіпкер елге қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 17:45
Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:43
Үкімет Абай облысының жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлді
Үкімет • Бүгін, 17:29
Ақтөбе облысында қызметінен босатылған аудан әкімі өлі табылды
Оқиға • Бүгін, 16:36
«Қайрат» пен «Қайсардың» матчын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 16:32
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 15:58
Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты
Қоғам • Бүгін, 15:54
Швейцарияның SWISS ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 15:25