ПЕТРОПАВЛ. 23 ақпан. Облыс орталығында масленица және қысты шығарып салу мерекесі қалың жұртшылықтың қатысуымен кең көлемде атап өтілді. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл күні орталық алаң нағыз халықтық той-думанға айналып, түрлі этнос-мәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары ұсынылып, салт-дәстүрлері көрсетілді. Әр тілде әндер шырқалып, билер биленіп, ескіден келе жатқан әдет-ғұрыптар мен діни ырымдар тамашаланды. Бір жерде сүт пен бал қосылған қою шай, дәмділігі тіл үйіретін ыстық күлше, самса, бауырсақ, буы бұрқыраған палау ұсынылып, сауда-саттық қызып жатса, енді бір жерде спорттық ойындарға жалғасып жатты.
«Масленица» ертеден тойланып келе жатқан діни мейрамдардың бірі болғанымен, жыл өткен сайын қатысушылар қатары артып келеді. Қысты шығарып салу мерекесімен тұспа-тұс келетіндіктен, бірге атап өту дәстүрі қалыптасқан.
– Алда Шығыс мейрамы-Наурыз келе жатыр. Енді Ұлыстың ұлы күнін де жоғары деңгейде атап өтуге белсене қатысатын боламыз. Кез келген мереке халықтар достығы, бірлігі ретінде аталып жүр, – дейді «Орыс қауымдастығы» жергілікті ұйымының төрағасы Николай Авдеев.
«Масленицаның» басты аттибуттары – -көпшілікке құймақ таратылып, сабаннан жасалған тұлып/ чучела/ өртелді.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.
Сурет: kostnews.kz.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлытауда үздіктер марапатталды
Мереке • Бүгін, 18:46
Шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 40%-ына жетті
Бизнес • Бүгін, 18:24
Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті
Алматы • Бүгін, 18:05
Қазақстанның табиғаты Батыс жұртының назарын аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:03
Алматыда заңсыз салынған автосервис нысаны сүрілді
Алматы • Бүгін, 17:46
Полиция қызметкерлеріне пара берген: Грузияда жасырынған кәсіпкер елге қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 17:45
Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:43
Үкімет Абай облысының жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлді
Үкімет • Бүгін, 17:29
Ақтөбе облысында қызметінен босатылған аудан әкімі өлі табылды
Оқиға • Бүгін, 16:36
«Қайрат» пен «Қайсардың» матчын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 16:32
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 15:58
Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты
Қоғам • Бүгін, 15:54
Швейцарияның SWISS ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 15:25