Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025

Риддер тұрғыны баланы көлікпен қағып, өзі жалтарып кеткен

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Риддер қаласының тұрғын үй ауласында 6 жасар баланы қағып кеткен жүргізуші оқиға орнын тастап қашқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Риддер тұрғыны баланы көлікпен қағып, өзі жалтарып кеткен

Оқиға 23 желтоқсанда болған. Баланы қағып кеткен адам Lada X-Ray маркалы автокөлік жүргізгені мәлім болды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізілді.

Полиция қызметкерлері жүргізушіні құрықтады. Оның көлігі тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.

«Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар