Қоғам • Бүгін, 08:03

Жетімдерді демейтін құжат

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қал­ған балаларды қорғау тетігі күшейтіліп жатыр. Балалар­дың мүддесін қорғауға бағытталған түбегейлі өзгерістің қатарында Мемлекет басшысы қол қойған жаңа заңның қабылдануын атап өтуге болады. Аталған заң 2026 жылдың 4 ақпанында күшіне енеді.

Жетімдерді демейтін құжат

Жаңа заң нормаларына сәйкес, егер бала тәрбиесі барысында қамқоршы, қорғаншы немесе асырап алған ата-ананың сотталғаны анықталса, не олар психикалық немесе наркологиялық диспансерде есепте тұрғаны белгілі болса, мұндай тұлғалар бала тәрбиелеу құқығынан бірден айырылады. Сондай-ақ үстінен қылмыстық іс қозғалған азаматтарға бала асы­рап алуға, қамқоршы немесе патронат тәрбиеші болуға тыйым салынады. Бұл шектеулер балаларды қауіпсіз ортада өсіруді көздейді.

Бұдан бөлек, заңнамаға алғаш рет қамқоршылар, қорғаншылар, патронат тәрбиешілер мен асырап алған ата-аналар тарапынан жыл сайын сенімділікті рас­тау міндеті енгізілді. Олар ден­саулығы, тұрғылықты мекен­жайы, сотталмағаны туралы мәлі­меттерді тұрақты түрде ұсынуы қажет. Сонымен қатар жаңа заң бойынша баланы алдымен жақын туыстарына, ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда ерлі-зайыпты отбасыларға беру тәртібі заңмен нақты бекітілді.

«Жетім балалар құқықтарын қорғау – үнемі жүйелі назарды талап ететін маңызды сала. Биыл қабылданған шаралар қол­даныстағы тетіктерді нығайтып, қамқоршылық органдарының жұмысын баланың мүддесі мен қауіпсіздігін басшылыққа ала отырып ұйымдастыруға жол ашты», деді Оқу-ағарту министрлігі Бала­лардың құқықтарын қорғау коми­тетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Биыл жүзеге асырылған ма­ңызды жаңалықтардың тағы бірі – кәсіби қабылдаушы отбасы институтының енгізілуі. Бұл баланың тұрақты тұратын жері анықталғанға дейін оны қауіпсіз әрі отбасылық ортада уақытша тәрбиелеуге арналған жаңа модель. Тәлімгерлік жүйесі де белсенді дамып келеді. Қазір еліміздің 20 өңірінде 360-тан астам азамат жетім балаларға тәлімгер болып отыр.

Биылдан бастап балаларды интернат ұйымдарына жіберу тәр­тібі өзгертілді. Бала анық­тал­ған­нан кейін қамқоршылық органдары оны ең алдымен үш тәулікке дейін медициналық ұйымға уақытша орналастырып, тексеруден өткізуді міндетті түрде қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ алғаш рет қам­қор­шылық органдарына нақты штат саны бекітілді, яғни әр 5 мың балаға кемінде бір маманнан келуге тиіс. Бұл жаңашылдық мамандар санын 3,3 есеге, нақтырақ айтсақ 303-тен 1028-ге дейін арт­тыруға мүмкіндік берді.

Өңірлерде қамқоршылық сала­сын басқарудың жаңа құры­лым­дары құрылып жатыр. Мәсе­лен, Ақтөбе облысы мен Астана қаласында балалардың құқық­тарын қорғау жөніндегі бас­қар­малар өз жұмысын бас­тады. Алдағы уақытта осындай бө­лімшелер Шымкент қаласында, сон­дай-ақ Ақмола, Қостанай, Жамбыл облыстарында ашылмақ.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 20 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Олардың 82%-ы отбасылық ортада тәрбиеленіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Ішкі нарықты қорғау міндеті

Саясат • Бүгін, 09:05

Оңтайлысы онлайн төлем бе?

Қаржы • Бүгін, 09:00

Несие мен несібе

Қаржы • Бүгін, 08:55

Құқыққа – сенім, тәртіпке – құрмет

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:35