Өскемендіктер өңір өндірушілерін қолдайды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын өткізу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы орайда барша отандастарымызбен бірге өскемендіктер де «Қазақстанда жасалған» акциясына белсенді түрде үн қосуда. Қазіргі кезде облыс орталығындағы барлық сауда желілері мен дүкендерде отандық тауар өндірушілердің өнімдері сұранысқа ие бола бастады. Өйткені, кез келген супермаркет пен сауда нысандарына кіріп барсаңыз, қарсы алдыңыздағы отандық өнімдер қойылған сөрелердегі «Қазақстанда жасалған. Өз еліңді қолда!» деген жазулар қарсы алады.
– Өскемен қаласының кәсіпкерлері «Қазақстанда жасалған» акциясына үлкен қолдау көрсетіп отыр. Бүгінде шаһардағы ірі сауда нүктелерінің барлығында аталған акцияның төлтаңбасы мен жазулары бар баннерлер қойылды, – деді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бауыржан Нұрғазин.
Сондай-ақ, сауда нысандарында жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері сатып алушыларға қолайлы орындарға орналастырылды. Ал «Фрэш-Маркет» сауда гастрономындағы азық-түліктің негізгі бөлігі жергілікті кәсіпорындардың өнімдері. Әу баста аталған гастроном шығысқазақстандық фермерлерді қолдау бағытында құрылған болатын. Онда әр сенбі сайын жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін төмен бағада ұсынатын жәрмеңкелер өткізіліп тұрады. Қала тұрғындарының да осы үрдіске үйреніп, көбінесе жергілікті өндірушілердің өнімдерін сұрастырып жатқанын жиі аңдаймыз. «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясы осы қолдауды одан әрі жандандыра түсті.
– Дүкендерге кіріп келгенде, алдыңыздан «Қазақстанда жасалған. Өз еліңді қолда!» деген жазуы бар белгілер қарсы алады. Оған назар аудармау мүмкін емес. Бұл сауда жасаушылар, сатып алушылар үшін өте қолайлы. Яғни, қай жерден отандық өнімдерді алуға болатынын тез біле қоясыз. Мен үнемі өзіміздің өңірде өндірілетін, Қазақстанда шығарылатын өнімдерді таңдаймын. Өйткені, өзгелерден гөрі, өзіміздің өндірушілерге сенемін, – дейді қала тұрғыны Райхан Жаңылханова.
Аталған шараны ұйымдастырушылар жалпыұлттық акция аясында тұрғындардың елімізде қандай өнімдер өндірілетінінен де жан-жақты хабардар болып жатқанын жеткізді.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Жетісу облысында Сиверс алма ағашы гүлдеді
Аймақтар • Бүгін, 22:10
Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті
Елорда • Бүгін, 21:59
Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12