Әлем құрамасы сапында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да өнер көрсетуде. Өкінішке қарай, жерлесіміз тұсаукесер кездесуінде WTA рейтингінде екінші орында тұрған Польшаның атақты теннисшісі Ига Швентектен 3:6, 3:6 есебімен ұтылып қалды.
Елена Рыбакинадан бөлек аталған команданың намысын қытайлық Ван Синьюй мен Чжан Чжичжэнь және ресейлік Андрей Рублев қорғап жатыр. Ал Еуропа құрамасы сапында польшалық Ига Швентек, швейцариялық Белинда Бенчич, италиялық Флавио Коболли және монаколық Валантен Вашеро сынды шеберлер бар.