Елорда • Бүгін, 14:51

Астанада жүргізушісіз таксилер пайда болады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің хабарлауынша, жобаға inDrive және Yandex Qazaqstan компаниялары ресми түрде қосылды. Көлік министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қатысуымен тиісті меморандумдарға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада жүргізушісіз таксилер пайда болады

Фото: istockphoto.com

Инновацияны енгізудің бірінші кезеңі ретінде арнайы сынақ полигоны мен «регуляторлық құмсалғыш» (песочница) құрылмақ. Бұл механизм қолданыстағы заңнаманы жаңа технологияға бейімдеуге және қала инфрақұрылымын пилотсыз көліктердің қозғалысына сақадай сай дайындауға мүмкіндік береді.

Сынақтан өтетін алғашқы бағыт ретінде Астана әуежайы мен «Abu Dhabi Plaza» сауда орталығының арасындағы жол таңдалып алынды. Бұл бағыт бойынша әлемнің ең дамыған мегаполистерінде қолданылып жүрген, өзін-өзі басқаратын жоғары технологиялық көліктер қатынайтын болады.

Астанада алғаш рет жүргізушісі жоқ автомобиль сынақтан өткізілді

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар қала инфрақұрылымының техникалық дайындығына жан-жақты бағалау жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар пилотсыз таксилердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды қаланың көлік жүйесіне толықтай интеграциялауды көздейді.

Соңғы жаңалықтар