АСТАНА. 12 мамыр. Қарағанды қаласында қызды айуандықпен өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған қылмыс туралы осыған дейін хабарланған еді. Облыстық ішкі істер департаментінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Қарағанды облысы Осакаров ауданының тұрғыны, 23 жастағы жігіт қолға түсті. Бүгінде ол аса ауыр қылмыс жасағанын мойындаған. Бұл туралы NewTimes.kz хабарлады.
Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде: «9 мамырда Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданындағы жылу құбырларының бірінен 26 жастағы әйел адамның мүрдесі табылды. Оған іс-түссіз жоғалып кетуіне байланысты 6 мамырдан бастап іздеу жарияланған болатын. Қолға түскен 23 жастағы жас жігіт қылмысты мойындап, ұрыс-керіс кезінде қызды өлтіргенін айтты. Соңында қылмысын жасыру мақсатында қыздың денесін бөлшектеп, тығып қойған», – делінген.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: NewTimes.kz.
• 12 Мамыр, 2015
Қарағандыда айуандықпен адам өлтірген жас жігіт қолға түсті

Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Аймақтар • Кеше
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Кеше
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Кеше
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Кеше